КЕЛЕС: «ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ӨЗ АҒАШЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының Келес ауданы аумағында кең ауқымды «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы мен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара облыс әкімінің тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сәйкес өткізіліп отыр.

Келес ауданына қарасты 12 ауыл мен ауылдық округтерінде өткен сенбілікке 8 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары белсенді атсалысты.

Акция аясында жалпы саны 3 200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың қатарында 500 түп қарағаш, 500 түп катальпа, 800 түп өрік, 100 түп ива, 700 түп клен және 600 түп алхоры ағаштары бар. Бұл көшеттер ауыл ішіндегі көшелерге, қоғамдық орындарға және тұрғын үйлер маңына отырғызылып, көгалдандыруға үлкен үлес қосты.

Сенбілік кезінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына техникалар да тартылды. Атап айтқанда, 15 дана трактор, 3 су құйғыш техника және 1 КамАЗ жүк көлігі жұмылдырылып, ағаш отырғызу мен аумақты ретке келтіру шаралары тиімді ұйымдастырылды.

🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/977808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді