
2026 жылғы 29–31 шілде аралығында Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 17 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен командалық ұйымшылдығын көрсетті.
Турнирдің мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене даярлығын жетілдіру, ұжымдық бірлікті нығайту және бұқаралық спортты дамыту.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды ІІМ КҚБК Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, екінші орынды ІІМ КҚБК Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, үшінші орынды ІІМ КҚБК Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының атынан дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аталған турнир қызметкерлердің дене даярлығын жетілдіруге, ұжымдық бірлікті нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1269071?lang=ru

Жауап қалдыру