
Бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау енгізілді.
Лицензиялаудың негізгі мақсаты – қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту.
Лицензия алу үшін қызме алушы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтініш береді, өтініш аумақтық департаментке келіп түседі, әрі қарай департамент мамандары өтінішті қарап, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жолдайды.
Лицензия тек біліктілік талаптарына толық сәйкес келген жағдайда ғана беріледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы №222 бұйрығы.
Департаменттің байланыс телефондары: 8-7152-46-10-65, 32-00-58.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1269086?lang=ru

Жауап қалдыру