«AMANAT» партиясының қабылдау кестесі аясында Алматы облысында азаматтарды әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау өткізілгендігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов «AMANAT» партиясының  Алматы облыстық қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік қорғау саласына қатысты өзекті мәселелерін көтерді.Атап айтқанда, мүгедектік топтарын қайта қарау, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібі, әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу сынды сұрақтар күн тәртібінде болды.

Әрбір тұрғынның өтініші жеке қаралып, жан-жақты түсініктемелер мен заң аясындағы кеңестер берілді. Азаматтарға өз құқықтары мен әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мұндай қоғамдық қабылдаулар-тұрғындардың өзекті мәселелерін билік өкілдеріне тікелей жеткізіп, нақты жауап алуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Әлеуметтік қорғау саласындағы ашықтық пен халықпен тығыз байланыс – азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолындағы басты басымдықтардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/977886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді