
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Нұрланұлы Нұрғиса 99116 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттарына профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарудың жол берілмейтіні, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың заң алдындағы жауапкершілігі мен адам өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіптері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара аясында әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктері мен автокөлік құралдарының құжаттары тексерілді. Сонымен қатар жеке және қызметтік автокөліктердің сыртқы және техникалық жай-күйіне бақылау жүргізіліп, дөңгелектерінің жағдайы, жарықтандыру құрылғылары және өзге де қауіпсіздік элементтерінің талаптарға сәйкестігі қаралды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметшілер арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін күшейтуге бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DbncOENjCjn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269208?lang=ru

Жауап қалдыру