Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 6-7 тамыз күндері Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 6-7 тамыз күндері Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе олардың қаупі төнген жағдайда басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ халықтың іс-әрекеттерін тәжірибе жүзінде пысықтау.

Оқу-жаттығу барысында арнайы техникалардың қозғалысы, азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары және дабыл беру жүйелерінің жұмысы жүргізіледі.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауды, сабыр сақтауды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз.

Расталмаған ақпараттарды таратпауларыңызды және жалған мәліметтерге сенбеулеріңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1269257?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді