
Елімізде киберқылмыскерлер халықты арбаудың жаңа әдістерін ойлап табуды тоқтатар емес. Бұл жолы қаскөйлер тұрғындарға хабарласып, өздерін жылу коммуналдық мекемесінің маманы ретінде таныстыра бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Абай облыстық полиция департаментінің өкілдері азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Алаяқтар тұрғындар сеніміне кіру үшін «Жылу есептегішті тіркеу керек», «Жеңілдіктер рәсімдейміз» немесе «Құжаттарды жаңарту қажет» деген сылтауларды алға тартады. Олардың басты көздегені – ұялы телефоныңызға келетін құпия SMS-кодты біліп алу.Полиция мамандары келтірген мәліметтерге сүйенсек, алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін цифрлық сауаттылықты арттыру өте маңызды. Бүгінде елімізде киберқылмысқа қарсы күрес аясында жүздеген ақпараттық кампаниялар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып, қауіпсіздік жүйелерін күшейтуде. Алайда, ең басты қорғаныс – әрбір азаматтың жеке сақтығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-erkin/press/news/details/1269320?lang=ru

Жауап қалдыру