📢 «Jas Fund» жобасы бойынша өтінім қабылдау жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 «Jas Fund» жобасы бойынша өтінім қабылдау жалғасуда!
Шығармашылық идеяңыз немесе жүзеге асырғыңыз келетін жобаңыз бар ма? Ендеше, дәл қазір өтінім беретін уақыт!
Қарағанды облысының дарынды жастарын қолдау қоры «Jas Fund» жобасы бойынша қаржылық қолдау алуға өтінім қабылдауды жалғастыруда.
💰 Бір қатысушыға берілетін қаржылық қолдау мөлшері – 100 АЕК-ке дейін (432 500 теңгеге дейін).
📊 Қазіргі таңда жобаның қалған бюджеті – 7 769 740 теңге. Сондықтан қаржылық қолдау алуға әлі де мүмкіндік бар.
Өтінім бере алады:
✅ 14 пен 34 жас аралығындағы жастар;
✅ шығармашылық ұжымдар мен бірлестіктер;
✅ бастамашыл топтар.
📌 Қаржылық қолдау республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ жастарға арналған зияткерлік, мәдени және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге беріледі.
📩 Өтінімді Saryarqa Jastary порталы арқылы немесе төмендегі байланыс нөмірі арқылы жолдай аласыз:
📞 +7 (775) 987-43-16
✨ Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Бәлкім, келесі қаржылық қолдау алатын жоба – дәл сіздікі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1269346?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді