
@dp_pavlodar ресми парақшасының директіне Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі бейнеленген бейнежазба келіп түсті.
Бейнежазбада Павлодар қаласының Орталық жағалауында Toyota Corona автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзғаны көрінеді.
– Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік материал рәсімделді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері көлік құралын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін 1973 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының міндеті екенін еске салады. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бұл туралы eGov Mobile қосымшасындағы және банктік қосымшаларға біріктірілген «Заң және Тәртіп» сервисі арқылы хабарлай аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1269371?lang=ru

Жауап қалдыру