Химиялық қауіпті объектідегі жұмыс кеңесі: төтенше жағдайларға дайындықты күшейту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 16 сәуірде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Іле ауданында орналасқан химиялық қауіпті объект — “Шин-Лайн” ЖШС аумағында көшпелі жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – кәсіпорынның қауіпті химиялық заттарды қолданумен байланысты ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру болды. Кеңес барысында ТЖД мамандары авариялық жағдай туындаған кезде объектінің әрекет ету тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, апаттық жағдайда атқарылатын іс-қимылдар, үйлестіру, ескерту, эвакуация және ТЖД өзара әрекет ету мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Кездесу қорытындысында тараптар “Шин-Лайн” ЖШС аумағында бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы келісімге келді. Мұндай оқу-жаттығулар персонал мен азаматтық қорғау қызметтерінің нақты жағдайларға барынша жақын ортада әрекет ету дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесіндегі мүмкін болатын әлсіз тұстарды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/977967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді