
Түпқараған аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері шетел азаматтарымен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ құжаттарды уақытылы рәсімдеу және тіркеу ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, шетел азаматтарына заң талаптарын бұзудың құқықтық салдары туралы ескертіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, белгіленген талаптарды қатаң ұстану және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі жеткізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269230?lang=ru

Жауап қалдыру