
5 тамыз күні кітапханада көрнекті қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына арналған әдеби оқу өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Жусан иісі» повесінен үзінділер оқып, туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасы құндылықтары, адамгершілік, мейірімділік пен рухани тәрбие туралы ой бөлісті.
Шара соңында оқырмандар шығарма бойынша сұрақтарға жауап беріп, Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады.
Осындай әдеби кездесулер ұлттық әдеби мұраны насихаттап, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1269227?lang=ru

Жауап қалдыру