Айдар: Ақпараттық Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Республикалық бюджеттен бала тууға арналған жәрдемақыны және бала күтіміне арналған жәрдемақыны автоматты түрде тағайындау процесі басталды. Сондай-ақ он сегіз жасқа толғаннан кейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар бойынша көп балалы отбасына жәрдемақы төлеуді автоматты түрде ұзарту процесі іске қосылды, бұл оқу орнынан жыл сайын анықтама беру қажеттілігін болдырмайды. Анықтама «Е-макет» ААЖ-не «Қазақстан Республикасының Білім министрлігі» АЖ-нен келіп түседі.
Ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны өтінімдерді қолмен өңдеуді алып тастау және автоматты түрде тағайындау процесіне көшу мақсатында автоматтандырылған процесс іске қосылды.
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді тезірек және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді, құжаттарды ресімдеу уақытын үнемдейді, процестердің ашықтығын арттырады, әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізуді жеңілдетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1269222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді