
Әсерлі бейне түсіремін деп жауапкершілікке ілінді
Әлеуметтік желілерде жарияланған Жол жүру қағидаларын бұзу фактісі Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады.
Видеода көлік қозғалысы кезінде жолаушының қауіпсіздік талаптарын елемей, өзінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіріп, салонан сыртында болғаны бейнеленген.
Тексеру барысында полицейлер оқиғаға қатысушыларды жедел түрде анықтап, оларды жауапкершілікке тартты.
Chevrolet Cobalt автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жолаушы көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті еске салады: Жол жүргізу қағидаларын сақтау — әрбір жол қозғалысына қатысушының міндеті. Әсерлі кадр жасауға деген құмарлық қауіпті әрекеттердің себебі болмауы тиіс, өйткені тіпті бір ғана асығыс әрекет қайғылы зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1268989?lang=ru

Жауап қалдыру