Бас штаб бастығы Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсына дайындық барысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев гарнизонына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсын өткізуге дайындығын тексеріп, оның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бас штаб бастығы оқу сыныптарын, нұсқаушылардың орналасу орындарын, спорт залды, сондай-ақ Қапшағай су қоймасының акваториясында су даярлығы курсын өткізуге арналған оқу-материалдық базаның нысандарын аралап көрді.

– «Nomad» курсынан өту – арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскери қызмет өткерудің міндетті шарты. Оқу бағдарламасы кез келген жағдайда жеке және топ құрамында жауынгерлік міндеттерді тиімді орындай алатын әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған, – деді генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров курстың салтанатты ашылу рәсімінде.

Курстық даярлық бағдарламасы «Сынақ» және «Жетілу» атты екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әскери қызметшілер іріктеуден өтіп, су және атыс даярлығы бойынша машықтарын жетілдіреді, әскери топография мен жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын меңгереді. Одан кейін әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындауға арналған мамандандырылған даярлықтан өтеді.

«Жетілу» кезеңі әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттерін бекітуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Бұл кезеңде негізгі назар алынған білім мен дағдыларды нақты жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған ортада тәжірибе жүзінде қолдануға аударылады. Даярлық деңгейін бағалау мақсатында бақылау-тексеру сабақтары өткізіледі. Бұл кезең оқу-жауынгерлік міндеттер пысықталатын тактикалық-арнайы оқу-жаттығулармен аяқталады.

Курстық даярлық 8,5 айға есептелген. Сабақтар 20030 әскери бөлімінің базасында және Қапшағай су қоймасының акваториясындағы әскери нысандарда өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1269561?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді