Жылыойда «Атырау» футбол клубы академиясының аудандық филиалы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыой ауданында «Атырау» футбол клубы академиясының аудандық филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов пен «Атырау» футбол клубының бас директоры А.Тілеужан қатысып, «Атырау» футбол клубы академиясының Жылыой аудандық филиалын ашу және өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Ж.Қаражанов сөз сөйлеп, футбол академиясы филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға және болашақта ел намысын қорғайтын талантты спортшыларды тәрбиелеуге жол ашатын маңызды қадам екенін атап өтті.

Іс-шара барысында «Атырау» футбол орталығының атынан жылыойлық жас спортшыларға сыйлықтар табысталды. Футбол клубының U-21 командасының ойыншылары мен «Атырау» футбол орталығының бапкерлері жас спортшыларға арналған шеберлік сағатын өткізіп, ойын тактикасының негізгі элементтері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу матчы өтіп, жас футболшылар өзара бақ сынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1269606?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді