
Тапсырыс берушілер мен құрылыс салушыларға белгілі бір санаттағы нысандарды пайдалануға беру алдында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу қажеттігі ескертіледі.
Адамдар жаппай жиналатын нысандарды, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші нысанның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті.
Бұл мемлекеттік қызмет құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін көрсетіледі. Қорытынды алу үшін «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беріліп, белгіленген құжаттар топтамасы ұсынылады. Осыдан кейін азаматтық қорғау органдарының мамандары нысанға өрт-техникалық тексеру жүргізеді.
Қорытынды нысанның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетінін растайды және оны заңды түрде пайдалануға берудің міндетті шарты болып табылады.
ТЖД азаматтарды құжаттарды алдын ала дайындауға, нысанның жобалық құжаттамаға сәйкестігін және өртке қарсы қорғау жүйелерінің жарамдылығын қамтамасыз етуге шақырады. Бұл мемлекеттік қызметті уақытылы алып, нысанды қауіпсіз пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1269713?lang=ru

Жауап қалдыру