Цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданға Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында вице-министр Еңбек ауылдық округінде болып, байланыс сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстармен танысты. Аталған ауылда Kcell/Active және Tele2/Altel операторларының базалық станциялары жұмыс істейді. Биыл Active операторы базалық станция жабдықтарын және үздіксіз қоректендіру блогын жаңартып, нәтижесінде байланыс сапасы жақсарды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы байланыс саласының қазіргі жай-күйіне тоқталып, осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді атап өтті.

Қазіргі таңда аудан бойынша Beeline, Kcell/Active және Tele2/Altel байланыс операторлары қызмет көрсетуде. Жоғары жылдамдық мобильді интернетпен Жалағаш кенті мен 12 ауылдық округ қамтылған.

2024 жылы Ақсу ауылында Kcell/Active операторының 4G желісі іске қосылса, 2025 жылы Бұқарбай батыр ауылында Beeline байланыс станциясы пайдалануға берілді. Ал биыл Жаңаталап ауылында Beeline байланыс станциясын орнату жоспарланып отыр.

Кездесу барысында байланыс сапасын одан әрі арттыру, интернеттің қолжетімділігін кеңейту және тұрғындарды сапалы цифрлық қызметпен қамтамасыз ету бағытындағы алдағы жұмыстар талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1269845?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді