Астанада Абай күні қарсаңында тоғызқұмалақтан алғашқы қалалық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай күніне орай елорданың «Арқа Алан» ұлттық ойындарды дамыту орталығында 5-8-сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан алғашқы қалалық жеке турнир өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Зияткерлік сайысқа қаланың 12 жалпы білім беретін мектебінен 32 жас ойыншы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті.

Ұйымдастырушылар жарысты швейцариялық жүйе бойынша өткізді. Оның аясында қатысушылар 5 тартысты кезеңде бақ сынасты. Әр партия барысында ойыншылардан асқан мұқияттық, бірнеше қадамды алдын ала есептей білу және байыптылық талап етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирдің өзіндік тарихы бар. Ол алғаш рет қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі философы Абай Құнанбайұлының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар бұл бір реттік шара емес: келесі жылдан бастап турнир тұрақты түрде өткізіліп, дәстүрлі жарысқа айналады.

Айта кету керек, тоғызқұмалақ елорданың мектеп лигасы аясында жүйелі түрде дамып келеді. Жарыстар 5-6, 7-8 және 9-10-сынып оқушылары арасында өткізіледі. Жыл сайын бұл ұлттық ойынға қызығушылық танытатын балалардың саны артып келеді.

«Арқа Алан» орталығының инфрақұрылымы ауқымды жарыстарды қабылдауға толық дайын. Алаң барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жарыстың жоғары деңгейде өтуіне кәсіби төрешілер алқасын ұсынған Тоғызқұмалақ федерациясы қолдау көрсетті», – дейді ұйымдастырушылар.

Астанада өткен алғашқы қалалық тоғызқұмалақ турнирі ұлттық мұраның сенімді сақталып отырғанын және жас ұрпақтың зияткерлік дәстүрді жалғастыруға дайын екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1269855?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді