КЕЛЕСТЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыру мәселесіне арналған жиын өтті.
Жиынға аудан аумағындағы мекеме басшылары мен жұмыс берушілер қатысып, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерді міндетті сақтандырудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында қызметкерлерді уақытылы сақтандыру – еңбек заңнамасының негізгі талаптарының бірі әрі жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді. Міндетті сақтандыру өндірістік жазатайым оқиғалар немесе кәсіби аурулар орын алған жағдайда қызметкерлердің заңмен кепілдендірілген құқықтарын қорғап, әлеуметтік қолдаудың тиімді тетігі болып табылады.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев еңбек қауіпсіздігі мәселесіне ерекше тоқталды.
— Әрбір жұмыс беруші қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты. Сондықтан еңбек заңнамасында көзделген міндетті сақтандыру талаптарын уақытылы орындау – заң талабы ғана емес, адам өмірі мен еңбегіне деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді Даурен Сариев.
Жиын қорытындысында жұмыс берушілерге еңбек қатынасында тұрған барлық қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыруды заң талаптарына сәйкес толық әрі уақытылы рәсімдеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1269913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді