Ұлытау облысында Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасы туралы көшпелі көрме ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады.

Көрмені Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозицияға бірнеше тарихи кезеңді қамтитын 172 археологиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында I-IV ғасырларға жататын ошақтар, VII-VIII ғасырлардағы өрнектелген саптыаяқтар, XIV ғасырдағы құмыралар мен су құбырының түтіктері, сондай-ақ XVIII-XIX ғасырлардағы майшамдар мен тостағандар бар.

Көрменің жеке бөлімінде Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігі және Ресей империясы кезеңінде монеталар жинағы ұсынылады. Көпшілік Қоқан мен Ферғана ақша сарайларында соғылған «Зарб Латиф Коканд», «Фулус джадид» жазуы бар дөңгелек және төртбұрышты фулустарды, сонымен бірге XIX ғасырдың соңындағы Ресей империясының теңгелерін тамашалай алады.

Іс-шара аясында Күлтөбе қалашығының тарихи-мәдени маңызы мен Түркістан тарихындағы орнына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Айта кетейік, көрме бір ай бойы жалғасады.

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1269953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді