Қоғамдық талқылау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана қаласындағы екі мекенжай бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Біржан сал, Қарасай батыр, Бұланды, Конституция көшелерінің қиылысы ауданындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша

ЕТЖЖ шекарасындағы аумақтың жалпы ауданы – 16,70 га.

Белгіленген аумақта көп қабатты тұрғын үйлер, 220 орындық балабақша және студенттерге арналған 235 орындық жатақхана құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, әкімшілік ғимараттар, паркингі бар бизнес-орталық, сауда және халыққа күнделікті қызмет көрсету объектілері де жоспарланған.

Сонымен қатар, балалардың ойын, спорт алаңдары және демалыс аймақтары да қарастырылған. ЕТЖЖ әзірлеуші жауапты ұйымның айтуынша, жалпы аумақтың шамамен 28,0%-ын көгалдандыру алмақ.

Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдық талқылауда көпқабатты тұрғын үй құрылысы жобасы қаралды. Аталған жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлеріне арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Аумақтың жалпы ауданы – 0,56 га;

Пәтер саны – 106;

Көгалдандырылатын аумақтың үлесі – 30%.

 

  1. «Бейбарыс Сұлтан, 2016-1, Еңлік Кебек және Ақан Сері көшелерінің шекараларында аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу»

Аталған аумақта келесі нысандар қарастырылған:

  • Перинаталдық орталық – 5–7 қабат (салынып жатқан нысан);
  • «Жайлы мектеп» – (қолданыстағы нысан);
  • Көпбейінді қалалық аурухана – 6 қабат;
  • Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйлер (қолданыстағы және жобалық);
  • Оқушылар сарайы – 3 қабат;
  • Денсаулық сақтау нысаны – 4 қабат.

    Алдын ала дауыс беру нәтижелері бойынша екі жоба да қоғамдық талқылауға қатысушылардың қолдауына ие болды.

    Қоғамдық талқылаудың қорытындысы екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1270106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді