Приречный ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 13 сәуірде өткен сайлау қорытындысына сәйкес, Приречный ауылдық округінің әкімі болып Байханов Мираш Алмасханұлы сайланды. Сайлауға үш үміткер қатысып, 904 сайлаушы дауыс беруге қатысты. Байханов Мираш Алмасханұлы 782 дауыс жинап, сайлаушылардың 88,4 пайыздық қолдауына ие болды. Бұл шешім Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі №18 қаулысымен ресми түрде бекітілді.

Бүгін, округ орталығы – Приречный ауылына аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Асанұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарына жаңадан сайланған әкімді таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/978133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді