2026 жылғы 6 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бюджетке өндірілген 6,9 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ рәсімдерді орындауға қатысты 4 бұзушылық анықталды.
Жүргізілген аудит барысында салықтық әкімшілендіру саласында салық заңнамасы нормаларының сақталуына тиісті деңгейде салықтық бақылаудың жүзеге асырылмауы, салық органдарына жүктелген міндеттердің толық көлемде орындалмауы, сондай-ақ салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартпауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар көптеген фактілер анықталды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 59 әкімшілік материал рәсімдеді, оның ішінде 5,4 млн теңге сомасына айыппұл түрінде 50 әкімшілік жаза қолданылып, 9 ескерту түріндегі әкімшілік жаза шығарылды.
Аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді. Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomsko/press/news/details/1270291?lang=ru

Жауап қалдыру