Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 8-9 тамыз күндері Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарламада «Өнерлі өлке» концерті ұсынылады. Қонақтар дәстүрлі ән, фольклорлық өнер, ұлттық би және заманауи музыкалық шығармаларды тамашалай алады. Көрме алаңында зергерлік өнер, ағаш және тері бұйымдары, ұлттық тоқыма, қазақы сән, сондай-ақ Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевқа арналған көрмелер, Алматы облысының туристік әлеуеті таныстырылады.

«Шебер қол – ұлттық мұра» интерактивті шеберлік сабақтарында зергерлік өнер, киіз және жүн өңдеу, керамика, ағаш және былғары өңдеу, ою-өрнек пен ұлттық музыкалық аспап жасау өнері көрсетіледі.
Іс-шара Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында орналасқан Qazaq Creative Hub алаңында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1270395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді