АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
​Аудан әкімі М.Тоқжановтың төрағалығымен алдағы қысқы маусымға әзірлік барысына арналған жиын өтті. Күн тәртібінде — тұрғындарды үздіксіз жылумен, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандардың дайындығы мен жолдарды қардан тазалау сияқты маңызды мәселелер қаралды.
​Жиын барысында жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілерінің есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстардың сапасы сараланды. Аудан басшысы коммуналдық қызметтердің дайындығын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтсақ, мектептер, балабақшалар мен ауруханалардың жылу жүйелерін толық тексеруден өткізіп, отын қорын уақытылы дайындау; Аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту.
​Аудан тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық жұмыстар белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы тиіс.
​Қысқа дайындық барысы аудан әкімінің жеке бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1270499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді