Астанада баян және аккордеон өнеріне арналған Coupe Mondiale атты халықаралық байқау өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23-27 тамыз аралығында Астанада баян және аккордеон аспаптарының орындаушылары арасында Coupe Mondiale атты 79-шы халықаралық байқау және Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы (CIA) делегаттарының 156-шы конгресі өтеді. Ауқымды музыкалық дода Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы өткізеді.

Coupe Mondiale – баян және аккордеон өнері бойынша тарихы терең және әлемге танымал халықаралық байқаулардың бірі. Астанаға Еуропа, Азия, Америка, Аустралия және Жаңа Зеландиядан белгілі орындаушылар, сарапшылар мен Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының өкілдері келеді. Олардың қатарында CIA президенті Мирко Патарини, вице-президенттер Ли Цонг пен Зорица Каракутовска, бас хатшы Киммо Маттила және халықаралық музыка қауымдастығының өзге де өкілдері бар.

Бірнеше күн бойы Орталық концерт залының сахнасында байқау тыңдалымдары, шеберлік сабақтары мен концерттік бағдарламалар ұсынылады.

25 тамызда Coupe Mondiale 74-ші халықаралық байқауының жеңімпазы, баян аспабының орындаушысы Олжас Нұрлановтың концерті өтеді.

26 тамызда көпшілікке «Saz & Soul» музыкалық ұжымы мен «Samǵa» квартетінің қатысуымен «Танго» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Байқау аясында баян мен аккордеон аспаптарының белгілі орындаушылары ашық шеберлік сабақтарын өткізеді.

27 тамызда байқаудың қорытынды тыңдалымдары өтіп, жеңімпаздар марапатталады. Coupe Mondiale халықаралық байқауы салтанатты жабылу рәсімімен қорытындыланады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1270532?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді