
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны аясында және сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 6 тамызда Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы № 156-161 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.
Іс-шара интерактивті ойын форматында өтіп, 4 негізгі кезеңді қамтыды:
-
«Блиц-сұрақтар»
-
«Ситуациялық кейстер»
-
«Құжаттар инспекциясы»
-
«Капитандар шайқасы»
Оқыту барысында сайлау комиссияларының барлық мүшелері жоғары белсенділік танытып, сайлау заңнамасы мен өзекті мәселелер бойынша өз білімдерін пысықтады.
Шара соңында оқытудың белсенді қатысушылары грамоталармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1270591?lang=ru

Жауап қалдыру