Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық белгілейтін құжаттарды уақтылы рәсімдеу қажет. Осы және өзге де мәселелер Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов өткізген азаматтарды жеке қабылдау барысында қаралды.

Құрылысы аяқталған тұрғын үйдің пайдалануға қабылдау актісін уақытылы рәсімдеген дұрыс.  Себебі оны рәсімдеу үшін жер учаскесін пайдалану құқығы болуы қажет. Ал жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін жалдау шарты қолданыста болуы тиіс. Жалдау шартының мерзімі өтіп кеткен жағдайда жер учаскесі Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы бастапқы беру тәртібімен рәсімделеді. Аталған қызметті көрсету мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:

  • жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
  • жер учаскесін жалдау шартының көшірмесі.

Сонымен қатар, қабылдау барысында кондоминиум объектісін реконструкциялау үшін келісім алу мәселесі қаралды. Басқарма басшысы тұрғын үйдегі кондоминиум объектісіне өз бетінше ешкім де иелік ете алмайтындығын жеткізді. Егер қандай да бір объекттің нысаналы мақсатын өзгерту немесе реконструкциялау қажет болса, тиісті өтінішті мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағасы ғана бере алады. Ол үшін алдымен сол тұрғын үйдегі пәтер иелерінің кемінде үштен екісінің келісімін алу қажет.

Келесі қарастырылған мәселе – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгерту немесе қайта әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау өткізу.

Алтынбек Жанатұлы жер учаскесінің  егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу немесе өзгерту үшін белгіленген бірнеше рәсімнен өту қажеттігін түсіндірді. Соның бірі – қоғамдық талқылау. Ол жер учаскесіне құқығы бар жеке тұлғаның немесе заңды өкілінің өтініші негізінде ұйымдастырылады.

Қоғамдық талқылау ашық түрде өтіп, жауапты өкіл жобаны таныстырады. Қатысушылар өз пікірлерін айтып, дауыс беру арқылы өз ұстанымдарын білдіреді. Ұсынылып отырған жоба көпшіліктің қолдауына ие болған жағдайда, одан әрі жан-жақты жобалау жұмыстары жүргізіледі.

Келесі рәсім – мемлекеттік сараптамадан өту. Жоба Құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚНжЕ)  сәйкес келіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алғанда ғана егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленеді немесе оған түзетулер енгізіледі.

Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1270744?lang=ru