ЕАЭО шеңберінде ғылыми атақтар өзара танылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 6-7 тамызында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойды.
 
Келісімге сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген аға ғылыми қызметкер, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтары туралы құжаттар ұлттық тану рәсімдерінен өтпей-ақ өзара танылады.
 
Осылайша, Қазақстан Республикасында берілген ғылыми атақтар туралы құжаттар ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында қосымша растау рәсімдерінен өтпей-ақ танылады. Сонымен қатар, Келісімнің ережелері ол күшіне енгенге дейін берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарға да қолданылады.

Келісімді іске асыру ЕАЭО ортақ еңбек нарығы шеңберінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етуге, жұмысқа орналасу кезіндегі әкімшілік рәсімдерді қысқартуға, сондай-ақ ғылыми атақтар туралы құжаттарды тануға байланысты азаматтардың уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін, 2024 жылғы 2 мамырда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім күшіне енгенін айта кету керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1270736?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді