
Түркістан облысында полиция қызметкерлері бұл жолы көмекке мұқтаж қарттарға қолдау көрсету арқылы көпшіліктің алғысына бөленді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбековтің бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аясында Түркістан облысының 7 ауданында игі шара ұйымдастырылды. Яғни Сайрам, Арыс, Созақ, Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері жалғызбасты қариялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне барды.
Полицейлер аулаларды қалың шөптен тазартып, қоқыстарды шығарып, аумақты ретке келтірді.
Бұл игі іс бір күндік акция емес. Жоба алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету дәстүрге айналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1270843?lang=ru

Жауап қалдыру