Тұрғындар сауалы – қала әкімінің назарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар баспана мәселесі, әлеуметтік көмек көрсету, «Астана» шағын ауданы,№23, 24 үйдердің жанындағы қоқыс контейнерлерінің орналасу реті, Сәтбаев көшесі, №10 үйді жөндеу жұмыстары, қаланы жалпы абаттандыру, №7 автобустың жүру бағытын ұзарту және №7, 32 қоғамдық көліктердің техникалық жағдайының төмендігі туралы мәселе көтерді.

Сонымен қатар қураған ағаштарды кесу және қала көшелеріндегі тал бұталау жұмыстарын тұрақты үйлестіру бойынша сауалдар қойды.

Шаһар басшысы өз кезегінде барлық мәселе назардан тыс қалмай, заң аясында жоспарға сай шешімін табатынын атап айтты.

Еске сала кетсек, тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1270876?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді