Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Көкшетауда көшпелі семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Көкшетауда көшпелі семинар өтті

 

6 тамыз күні Көкшетауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 10 жылдығына орай өңірлік көшпелі семинар өтті.

 

Іс-шараға орталық аппараттың бейінді департаменттерінің басшылары мен мамандары, өңірлік филиалдардың қызметкерлері және «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдері қатысты.

 

Семинар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, фронт-офистер жұмысының бірыңғай стандарттарын жетілдіру, бэк-офистер қызметіне тиімді тәсілдерді енгізу, сондай-ақ филиалдар мен орталық аппарат арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

 

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Әсіресе фронт және бэк-офистер жұмысының ерекшеліктеріне, халыққа қызмет көрсету сапасын арттырудың заманауи тәсілдеріне және үздік тәжірибелерді енгізуге ерекше назар аударылды.

 

Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру, заңнамадағы өзгерістер және практикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелік ұсынымдармен танысты. Сонымен қатар, спикерлер нақты тәжірибелік кейстерді, қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын таныстырды.

 

«Осындай көшпелі семинарларды өткізу Мемлекеттік корпорация филиалдары арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуды дамытуға, жұмыстың бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Шоқан Әбділман.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1270875?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді