Шымкент тұрғындары жаңа вирусқа дайын ба?

🎙️ Сұрақ қойған: Сарбиназ Алдабергенова, “Уақыт” телеарнасы
🗣️ Жауап берген: Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Сұрақ:
– Қытайдан шыққан жаңа вирус туралы ақпарат ғаламторда таралып жатыр. Шымкенттіктер осындай вирустың таралуына дайын ба? Қазақстан бойынша анықталған 30 жағдайдың ішінде Шымкент тұрғындары бар ма?

Жауап:
“Қазіргі таңда Шымкент қаласында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Біз вирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтіп жатырмыз. Қала бойынша дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Сіз айтып отырған 30 адамның ішінде Шымкент тұрғындары бар ма деген сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Бұл туралы қосымша ақпарат алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласуға болады,” – деп жауап берді Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді