Сотталғандарды еңбекпен қамту: үшжақты меморандумның алғашқы нәтижелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мамандандырылған прокуратураның бастамасымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Прод Ком» ЖШС арасында үшжақты меморандум жасалды.

Меморандум аясында қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 26 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту көлемін арттыру жоспарлануда.

Кәсіпорын мал жүнін өңдеумен және одан дайын өнім өндірумен айналысады. Мұнда күн сайын 3 тоннадан астам жүн өңделіп, дайын өнім шетелге экспортталады.

Жұмысқа тартылған сотталғандар лайықты еңбекақы алып, мемлекет алдындағы берешектерін, талап-арыздарын және жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік алуда.

Сонымен қатар, олар үш мезгіл тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етіліп, кәсіпорын аумағында мекеме қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады.

Аталған бастама сотталғандарды еңбекке баулу арқылы олардың қоғамға қайта бейімделуіне және қайта қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 

 

                                   

 

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1270982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді