
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза Қазақстан – Таза қоғам» облыстық экологиялық акциясын өткізді.
Акция Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарындағы 15 әлеуметтік маңызы бар нысанда бір мезгілде ұйымдастырылды.
Іс-шараға 700-ден астам адам, оның ішінде пробация қызметі мен полицияның есебінде тұрған 400-ден астам адам, сондай-ақ прокуратура, полиция, әкімдік қызметкерлері, волонтерлер және қоғам өкілдері қатысты.
Қатысушылар саябақтар, скверлер, жағалау аумақтары және басқа да қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты ерекшелігі – экологиялық бастаманы қайталама қылмыстардың алдын алу жұмыстарымен ұштастыру. Есепте тұрған адамдарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту олардың әлеуметтенуіне, жауапкершілігін арттыруға және заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1271006?lang=ru

Жауап қалдыру