
Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
2025 жылы 7 ЖКО орын алып, 2 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алған, ал ағымдағы жылы 15 ЖКО тіркеліп, 1 адам қаза болып, 2 тұлға жарақаттанған.
Осындай оқиғаларды алдын алу мақсатында, Махамбет ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы бірлесіп автомобиль жолдарының қауіпті учаскелеріне тексеру жүргізіп, қосымша 6 интерактивті ескерту жол белгілері орнатылды.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара аясында ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстыратын 300 таспа орнату қолға алынды. Бұл таспалар жүргізушілерге қараңғы уақытта және көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жануарларды дер кезінде байқауға мүмкіндік береді.
Махамбет ауданы прокуратурасы ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін жануарларды қараусыз жайылымға жібермеуге, автомобиль жолдарының бойында, ортақ пайдаланылатын жерлерде және су қорғау аймақтарында жаюға жол бермеуге, сондай-ақ жануарларды сәйкестендіріп, міндетті ветеринариялық рәсімдерден уақытылы өткізуге шақырады.
Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.
Атырау облысы
Махамбет ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1270988?lang=ru

Жауап қалдыру