Отырар қалашығында реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысындағы Отырар қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары көне құрылыс технологияларын қолдана отырып, көне кешеннің жекелеген бөліктерін қалпына келтіріп жатыр.

Қалашық аумағындағы тұрғын үйлер қабырғаларының жекелеген бөліктері бекітіліп, зақымданған тұстары жөнделді. Ежелгі ошақтың сылақ қабаттары да қалпына келтірілді. Сонымен қатар кіреберіс жол ретке келтіріліп, бүлінген сылақ қабаты жаңартылды.

Қалашықты айнала қоршаған орды жауын-шашынның әсерінен қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Оның бетіне сабан араластырылған арнайы сылақ жағылды. Дәстүрлі әдіспен дайындалған бұл қоспа қорғаныш қабатын нығайтып, түрлі сыртқы әсерден болатын бүлінуді азайтады.

Ғылыми-реставрациялық жұмыстарда Отырардың тарихи ерекшеліктері ескеріліп, археологиялық ескерткіштің түпнұсқа келбетін сақтауға басымдық беріліп отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1271027?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді