
Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы «Астана» – «Оқжетпес» матчының алдында елордалық «Астана Аренада» Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығымен кездесуі өтті.
Өңір басшысына ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы, бұған дейін ағылшынның «Тоттенхэм» клубында қызмет еткен Скотт Манн таныстырылды. Кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Схип те қатысты.
Тараптар әріптестікті одан әрі дамыту келешегін, соның ішінде Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы футбол инфрақұрылымын жетілдіру және өңірде спорттың осы түрін өркендетуге жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Скотт Манн Ақмола облысында футболды дамытуға мүдделілік танытып, жақын арада Көкшетаудың спорттық инфрақұрылымымен танысу және жергілікті «Оқжетпес» клубының қатысуымен өтетін матчты тамашалау үшін қалаға баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде Марат Ахметжанов «Оқжетпес» футбол клубын коммерцияландыру және жаңа инвесторларды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл клубтың одан әрі дамуына қосымша мүмкіндіктер ашады.
Іс-шараға Көкшетау қаласының әкімі, Ақмола облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Әнуар Күмпекеев те қатысты.
Бұдан бөлек, ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схип Көкшетауға барып, Премьер-лиганың 25-турындағы «Оқжетпес» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы орталық матчты стадионнан тамашалауды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1271081?lang=ru

Жауап қалдыру