
3.08
Астана
23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілді.
3.08
Астана
Данияр Шәріп Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су дипломатиясы департаментінің директоры болып тағайындалды.
4.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен кездесті.
4.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірқатар келісімге қол қойды.
5.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі былтыр қабылданған Қазақстан Республикасының Су кодексіне түсіндірме жариялады.
6.08
Астана
«Қазсушар» филиалдарына ірі су қоймалары мен каналдарды тазартатын жеті жаңа жерснаряд беріледі.
7.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты суы департаменті 2027-2040 жылдарға арналған Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.
7.08
Түркістан
Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінде су есебін автоматтандыру жоспарының жобасын әзірлеуді мақұлдады.
8.08
Түркістан
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы су қатынастарының барлық бағыты бойынша екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобының 14-отырысы өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1271083?lang=ru

Жауап қалдыру