
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында құрылған Заң клиникасында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас маманы Жұлдыз Алуадинқызы студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет жүйесі, әділет органдарының қызметі, құжат айналымы, кәсіби этика және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар жөнінде тәжірибелік дәріс өткізіп, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Бұл кездесу “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін қызықты әрі пайдалы дәріс болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1271241?lang=ru

Жауап қалдыру