
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – ұлы Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Абай мұрасы – ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының даналығын бойына сіңірген баға жетпес рухани қазына. Оның шығармалары адамгершілік пен әділдіктің, білім мен парасаттың, елдік пен еркіндіктің мәңгілік өлшемі болып қала береді.
Абайдың өлеңдері мен қара сөздері – әр ұрпаққа рухани бағдар беретін, терең тағылым мен тәлімге толы асыл мұра. Ұлы ойшылдың шығармашылығы қазақ халқымен қатар, бүкіл адамзатқа ортақ құндылық ретінде бағаланады.
Абай күні – ұлы тұлғаны ұлықтау ғана емес, рухани жаңғыруға, білім мен кемелдікке ұмтылуға үндейтін маңызды мереке.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, мол рухани күш, отбасыларыңызға амандық, игілік пен береке, елімізге бейбітшілік тілейміз! Ұлы Абайдың тағылымын дәріптеп, асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ парыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1271342?lang=ru

Жауап қалдыру