
06.08.2026 жыл ⚖️ Құқықтық көмек – әрбір азаматқа қолжетімді! Матай ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауыл тұрғындары арасында «Құқықтық кабинет» қызметінің мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде. «Құқықтық кабинет» – азаматтарға заңнамалық және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін электрондық сервис. 📌 Құқықтық кабинет арқылы азаматтар: ✅ Қазақстан Республикасы заңдары туралы ақпарат ала алады; ✅ құқықтық мәселелер бойынша қажетті мәліметтермен таныса алады; ✅ сот органдарына құжаттарды электрондық форматта жолдай алады; ✅ мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалана алады; ✅ құқықтық құжаттардың үлгілері мен өзге де пайдалы ақпаратқа қол жеткізе алады. 🤝 Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу. Құрметті Матай ауылдық округінің тұрғындары! «Құқықтық кабинет» қызметін пайдалану бойынша сұрақтарыңыз болса, Матай ауылдық округі әкімі аппаратына жүгінуіңіздер. Сіздерге қажетті ақпараттық және консультациялық көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-matai/press/news/details/1271361?lang=ru

Жауап қалдыру