
Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» ЖПІШ өтуде
📅 10-12 тамыз аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
🎯 Негізгі мақсат — жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.
👮♂️ Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Әсіресе ережелерді өрескел бұзатын және өзге де жол қатысушыларына қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылуда.
🤝 Жол қауіпсіздігі — баршаға ортақ жауапкершілік! Ережелерді қатаң сақтап, өзіңіз бен айналаңыздағылардың қауіпсіздігін ойлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1271377?lang=ru

Жауап қалдыру