В Мамлютском районе состоялась внеочередная сессия районного маслихата

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мамлют аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
 
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Ж.С. Каримованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Е.Ф. Степаненко қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 «Мамлют ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын қарау болды.
Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары О.И. Проскурина баяндама жасап, депутаттарды ұсынылып отырған өзгерістермен таныстырды.
Сонымен қатар, сессия барысында аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар кезектен тыс сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1271409?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді