“Адал азамат”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтық, әділетті және орнықты қоғамды қалыптастыру мемлекет пен азаматтардың өзара жауапкершілігі, Конституция мен заңның үстемдігі, заңдылық, адалдық, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау қағидаттарына негізделеді.

«Адал азамат» құндылықтары тұрғысынан заңнаманы сақтау, өз құқықтарын адал жүзеге асыру және міндеттерін тиісінше орындау, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, әлеуметтік жауапкершілік және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ерекше маңызға ие.

Мемлекет өзінің конституциялық және заңнамалық тұрғыдан белгіленген өкілеттіктері шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тануды, сақтауды және қорғауды қамтамасыз етеді, баршаның заң мен сот алдында теңдігін, заңдылық пен әділеттілік қағидаттарының сақталуын және кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің және қабылдайтын шешімдерінің ашықтығы мен айқындығына жағдай жасайды. Қажетті құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасау әрбір адамның өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Азаматтар, өз кезегінде, Конституция мен заңнаманы сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге, заңда белгіленген міндеттерді адал орындауға, сондай-ақ қоғамдық келісімді, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етуге міндетті.

«Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету және іске асыру халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға, заңға бағынатын мінез-құлық пен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара сенімді қалыптастыруға, азаматтардың қоғамдық өмірге тиімді қатысуын арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1271474?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді