
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белгородское ауылында кезекті сенбілік өткізілді. Ауылдағы барлық мекемелер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру шараларын атқарды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін сенбілікке қатысушылар бірігіп, ауыл көшелерін аралап, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.
Акцияға белсене қатысқан барлық мекемелер мен ауыл тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен еңбектің арқасында ауылымызды таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз!
https://www.instagram.com/belgorod_amu/reel/DbsgsSYttG9/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-belgorodskoe/press/news/details/1271516?lang=ru

Жауап қалдыру