
Бүгін – ұлы Абайдың туған күні! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылдан бері 10 тамыз Абай күні ретінде елімізде кең көлемде аталып өтіліп келеді.
Бүгін Семейде Президенттің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында Бейбітшілік аралында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы – Рәміздер алаңы ашылды.
Облыс әкімі Берік Уәли Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов бастаған делегациямен бірге Семейдегі Абай музейінің алдындағы «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.
Айта кетейік, Абай облысында Абай күніне орай 200-ге жуық іс-шара өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1271553?lang=ru

Жауап қалдыру