Қордай ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері және еріктілермен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңге байланысты профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында сауда нысандарының иелері мен жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ыстық әрі желді ауа райында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге, сондай-ақ ашық от жағуға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1271818?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді