
Бүгін Түркістан қаласында Спорт күніне орай «Заң мен тәртіп» ұранымен 3х3 баскетболдан U-12, U-14 және U-16 жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Түркістан облысының ашық турнирі өтті.
Жарыс Сапарбай Болыс көшесінде орналасқан «Барыс» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Турнирге Шымкент, Тараз қалаларынан, Түркістан облысы, Сайрам және Сауран аудандарынан, Кентау және Түркістан қалаларынан 60 команда, 250-ге жуық жас спортшы қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс жолында табандылық пен жоғары нәтижелер тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында баскетбол спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1271916?lang=kk

Жауап қалдыру